9.10.2015, 15:13
Оқылды: 45

Шамғон Қажығалиевке мүсін орнатылды

 

Janakala Shamgon eskwrtkish    Жаңақала мәдениет үйі алдындағы Алыптар алаңы тағы да бірқазақ өнерінің ірі тұлғасыныңмүсінмен толықты.Ол мүсін қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері, домбырашы, КСРО және Қазақстан Халық әртісі  Шамғон Қажығалиевке арналған. Шараға келген  қонақтарды "Ақ босаға" келіндері салем салып,  "Айзере" әжелер клубы мүшелері шашу шашып карсылады.

Мүсінді ашу құрметі аудан әкімі Л.Хайритдинов жәнеҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, компазитор, дирижер Қ.Қажымовқа берілді.

-Сіздер бүгін тарихи оқиғаның куәсі болып отырсыздар.  Бүгінауданымыздың ортасындағы алыптар алеясына жерлес ағамызШамғонҚажығалиевтің мүсінін ашу салтанатына жиналып, бас қосып  отырмыз.  Елінің атағын шығарған, қасиетті қара домбырамызды дүние жүзіне танытқан ағаларымыздың бірі де, бірегейі Шамғон Сағаддинұлы еді. Күні кеше көз алдымызда жүріп, биыл дүние салған ағамыз өмірінің соңғы жылдары қызмет жасаған  жері Алматы маңындағы Кеңсайда жерленді. Енді қалған жерлестерінің міндеті осы алыптар алеясында мүсінін орнату еді, бүгін міне сол міндеттерін орындап алеяның төрінен ағамыздың мүсіні өз орнын алып отыр.  Шамғон ағамыздың екінші өмірі басталып кетті, талай осы кісінің құрметіне арналға конкурстар, мәдени шаралар болады деп сенемін. Шамғон ағамыздың жолын қуып, өнер іздеп Астана төріне барып еліміздің атағын шығаратын жастар өсіп келе жатыр, оған талас жоқ. Енді келген қонақтарға бүгінгі Тұяқберді ағамыздың өмірден озғанына үш жыл толуына орай беріліп жатырған асына қош келесіздер! Осы алыптардың аруақтары сіздерді желеп-жебеп жүрсін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Қасиетті Қамыс-самар елінде тек осындай жақсы тарихи оқиғаларда бас қосайық!,- деп тілегін білдірген аудан әкімі келесі сөз кезегін Қ.Қажымовқа ұсынды.

Қ.Қажымов Шамғон Қажығалиевтің өмірі мен еңбек жолына тоқталып, осы мүсінді орнатуға мұрындық болған аудан әкімшілігіне  ризашылығын  білдірді.

Шараның соңы орнатылған мүсіннің қасына естелік суретке түсумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИҰЛЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале