2.06.2016, 11:52
Оқылды: 57

«Шартты түрде сотталған» атты профилактикалық іс-шарасы

Akjayik profilaktikalik is sharasi   Жер-жерде «Шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шара өткізілуде. Ақжайық аудандық №2 пробация қызметі бойынша да қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларында болып, олармен жүздесулер өтуде, анықтама-әңгімелер жүргізілуде. Яғни, үкімдерді қалай орындауда, тәртіптері қалай, жүктелген тиісті қоғамдық жұмыстарды орындап жүр ме? Осыған байланысты қам-қарекеттер атқарылуда.


  – Біздің қызмет бойынша қоғамнан оқшаулаусыз сотталған 25 адам тұр,-дейді аудандық №2 пробация қызметінің инспекторы Мирболат Сисенов,- аталған іс-шараның алғашқы екі күні солардың бірсыпырасымен тиісті жұмыстар жүргіздік. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаның еңбекке араласуға, үй ішінің игілігі үшін ұмтылуға, түзелу жолына сеніммен түсуге зор мүмкіндік екенін ұғындырып, мекенжайлары бойынша байқастауларды ешқашан үзбейміз.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

 Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале