3.03.2016, 16:54
Оқылды: 16

Шаруаның еңбегін асыл түлік ажарлайды

 Akjayik asil tykimdi  Ақжайық ауданында жыл басынан бері 11 шаруа қожалығы ірі қараның 35 аталығын сатып алды. Соның айталық, асыл тұқымды ірі қара өсіретін будариндік «Атамұра» шаруа қожалығынан 8, «Аманерден» 9, ақсуаттық «Ернұр-Ж» шаруа қожалығынан 10-ы, қалғаны қарауылтөбелік «Сұлтан» шаруа қожалығынан сатылды. Мал мамандарының айтуынша, асыл түлік өсіруге деген талпыныс биыл тіпті қанаттана түспек.


Егер, 2014 жылы аудандағы шаруа қожалықтар ірі қараның барлығы 252 бас аналығын, аталығын сатып алса, былтыр бұл көбейіп, 338 бас қашар, 298 бас бұқаға жетті. Ауданда қазір ірі қара өсіретін 7, жылқы өсіретін 4, қой өсіретін 1 асыл тұқымды шаруашылық бар. Бұлардың қатарына алдағы уақытта ірі қара өсіретін 3, жылқы өсіретін 1 және қой өсіретін 3 шаруа қожалығы қосылмақ, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале