22.12.2015, 21:29
Оқылды: 34

Шаруасын дөңгелеткен зеленовтық шаруа қожалықтар биыл да мол қаржыға қолдары жетті

Zelenov supsidia   Шаруасын дөңгелетіп, мемлекет беретін субсидияны да керегіне жаратып отырған Зеленов шаруаларының биыл да мол қаржыға қолдары жеткен. Атап айтсақ 991434 кг шошқа етін шығарған «Щапово» шаруа қожалығы, 308559 кг сиыр етін шығарған «Кроун Батыс» ЖШС, 49,4 миллион дана жұмыртқа өндірген «Акас» ЖШС, 33800 кг қымыз өндірген «Горбачев» шаруа қожалығы, «Арыстанов» шаруа қожалығы 61000 кг ет өндіріп, мемлекет тарапынан берілетін субсидиясын алыпты. Бұдан бөлек,  4157 бас ұрғашы мал басын асылдандырған шаруалар жалпы құны 74,8 миллион, 1175 бас бұқа асылдандырғандар 23,5 миллион,  302 бас асылтұқымды мал сатып алған шаруалар 46,6 миллион,  24 бас бұқаны бордақыға тапсырғандар 500 мың, 8013 тонна концентратталған мал азығын дайындағандар 60,1 миллион, селекциялық жұмыстарды қолға алғандар 2,7 миллион субсидияға қол жеткізіпті.


Қуаңшылыққа қарамастан аудан шаруалары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған көрінеді. Әсірсе, өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруалар майлы дақылдар мен мал азығын егетін жерлердің көлемін ұлғайтыпты.

Өңіріміздегі ең көп субсидия алып отырған Зеленов ауданы биылғы жылдың өзінде бөлінген  777 миллион теңгенің 257.3 миллионын өсімдік шаруашылығымен айналысатындарға берсе, 519,7 миллион теңге субсидияны  мал шаруашылығын қолға алғандар еншілепті.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале