20.01.2016, 13:23
Оқылды: 18

Шаруашылығын төрге оздырған кәсіпкер

 

Кәсіпкер ДариянҚазіргі таңда жеке кәсіпкерлер саны күн сайын арта түсуде. Солардың бірі - Зеленов ауданы Дариян ауылында тұратын Әлібек Сапарғалиұлы Қадырғалиев. Ол өз қаржысына ескі қағаз-кітаптарды және пакет қалдықтарын, қолданыстан шыққан аккумуляторларды қабылдау пунктін  ашып, халыққа қызмет көрсетуде.


«Негізінен жеке кәсіппен шұғылдануыма әкем Қайырғали Сапарғалиұлы ықпал етіп қана қоймай, қолдау танытты»,- деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз.

Өмірдегі сүйікті ісінен ешқашан сырт айналып көрмеген іскер жан  әрқашан өзі тұратын ауылдың тазалығына да үлкен мән береді. «Алла қаласа,  құны 25000 теңге тұратын қоқыс салуға арналған 3 темір контейнерді  аурухананың, тойхана мен дүкеннің жанына қоюды жоспарлап отырмын»,-дейді ол.

Әлібек Қайырғалиұлы 1987 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Кейін қоныс аударып, 8 сыныпқа дейін Дариян мектебінде, ал 11 жылдықты 2005 жылы Орал қаласындағы №44 мектептен тәмамдап, 2009 Еуразия   университетінің инженерлік-технологиялық факультетін бітіреді. Содан бері  жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Бүгінгі таңда жұбайы Полинамен бірге 1 ұл, 1 қыз сүйіп, бақытты ғұмыр кешуде.

      www.zhaikpress.kz

Гүлжан Аязбаева

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале