30.03.2016, 19:31
Оқылды: 22

Шаруа біріксе, береке кіреді

????????????????????????????????????

   30 наурыз күні Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзиннің төрағалығы мекеме-басшыларының қатысуымен жиын өтті. Бұл жиынға аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанеов, ауылымыздың ардагерлері, көше төрағалары қатысты.


     Бірінші ауыл ішіндегі көктем мезгілінде мал бақтыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі айтылды. Қауымдаса, бірлесе тірлік жасау – нарық талабы. Осы орайда ауылдың үлкен-кішісі өз ұсыныстарын еркін айта алатын және де қабылданған шешімді бірлесе атқаруға жұмыла кірісе алатын СТК-ның орны айрықша. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының қолында ірі қара малы аз емес. Мал басы жылдан жылға көбеймесе, кемімеді. Соңғы жылдары Елбасы ауыл шаруашылығын соның ішінде мал шаруашылығын дамытуда қолдау білдіріп келеді. «Мал баққанға» бітеді демекші шаруа қожалықтарына беріліп келген демеу қаржы ендігі жерде осы кооператив арқылы қолында азды-көпті мал ұстайтын тұрғындардың да алуына мүмкіндік туып отыр. Өткен жылы Жалпақтал ауылында Дархан Догоровтың ұйымдастыруымен селолық тұтынушылар кооперативін құрған болатын. Әр адам өз еркімен мүше бола алады. Оған ешкім кір деп те, шық деп те айта алмайды. Селолық тұтынушылар кооперативінің басты мақсаты – жекенің ірі қара малын асылдандыру.

     -Өткен жылы құрылған СТК-да Көмекші ауылының тұрғындары өздерінің риясыз ризашылықтарын білдіріп жатыр. Ауылымызда мал бағылмайды. Сондықтанда асыл тұқымды бұқаны қосу арқылы тұрғындардың малдарын ақысыз бағып беруге дайынбыз. Жыл соңында малдың жем-шөбіне, көмек беріліп, мал басына ақысы да төленеді. Ірі қара малдарыңыздың қауіпсіздігі үшін өзім жауап беремін. Бұл мемлекетіміздің халық үшін жасап отырған бағдарламаларының арқасы деп түсінемін. Тек сіздерден өтінерім ауладағы малдарыңызды өріске жаюға келісіміңіздерді берсеңіздер болды,-дейді СТК жетекшісі Дархан Догоров.

     Былтырғы жылдың соңында техникалық суға байланысты көшелерге құбырлар жүргізілген болатын. Ендігі жерде биылдан бастап ауыл тұрғындары техникалық судан зардап шекпейтін болады. Алдағы мамыр айында ауыл тұрғындарына техникалық су берілетін болады. Осы кездесуде мекеме басшылары, көше төрағалары ауылдың абаттандырылу, көше тазалығы төңірегінде өз ойларын, ұсыныс пікірлерін айтты.

     -Сіздерді ауылдың көркейіп, гүлденуіне бірігіп жұмыстануға шақырамын. Ауыл тұрғындары арасында түсініспеушіліктер көп. Өздеріңізге белгілі мекеме кәсіпорындарға тазалықты қадағалау мақсатында көшелер бекітілген болатын. Бірақта ол жұмыстар ұжымдардың немесе ауыл әкімшілігі қызметкерлерінің күшімен орындалатын іс емес. Сондықтан да тазалыққа көңіл бөліп ауыл болып бірлесе жұмыстар атқаруымыз қажет. Алдағы уақытта техникалық су беріледі. Бау-бақша салу жұмыстары қолға алынса екен. Өзан жағасынан жері аламын, бау-бақша саламын деушілерге қолдау білдіруге әрқашанда дайынбыз. Шаруа біріксе, берекесі кіреді,-деді ауыл әкімі. Сонымен қатар ауылымыздың тазалығы көңіл көншітер еместігін, ауыл тазалығына мән беру керектігін айтып, жиынды қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале