9.10.2015, 10:03
Оқылды: 19

Шаруа қожалығына 374 мың шығын

traktor pricep  Зеленов ауданы Ақжол елді мекенінде орналасқан «Нұрдан» шаруа қожалығына ұрлыққа түскендер қозғалтқышы және 1,5/1,20 м көлемді генераторы бар Т-40 жылжымалы САК дәнекер аппаратын,  электорлы дәнекерлеу аппаратын, ГАЗ-53 машинасының 3 дөңгелегі мен К-700 тракторының тіркемесін және ескі таразысын қолды қылған.

Шағым түскен бойда жеткен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері оқиға орнынан 5 саусақ ізін анықтаған.

Шаруашылық иесі Н.Имашеваға келген шығын 374 000 теңге деп есептелген.

Іс бойынша тергеу жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Динара Беріш

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале