7.12.2015, 23:01
Оқылды: 26

Шаруа қожалықтарының жетекшілері өз жұмысшыларын көтермеледі

Akjayik sharuakojalik jetek   Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында алдағы ұлы мереке құрметіне “Бірлестік” шаруа қожалығының жетекшісі Н.Қадырғалиев өзінің 3 жұмысшы-қызметкеріне бағалы сыйлықтар, ал М.Сәрсенғалиевқа тәжірибесін, үлгілі жауапкершілігін ескере келіп, ірі қара сыйға тарту етті.


“Аңсар” шаруа қожалығының басшысы Арман Абдолов жұмысшыларына бір-бір қой атаса, “Балауса” шаруа қожалығының иесі Б.Өтепбергенов бақташыға ірі қара, ветеринариялық телім меңгерушісіне қой сыйлады. Сондай-ақ «Есболат» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Есболатов 5 жұмысшыға бағалы сыйлықтар табыстады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале