10.06.2015, 16:31
Оқылды: 32

«Шаттықтың» Сырым еліне сапары

1Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектептің «Шаттық» жазғы демалыс лагеріндегі балалар көршілес Сырым ауданының орталығына сапар жасады.

Балалар жымпитылық алашордашылар, ел мен жердің мүддесі үшін бүкіл ғұмырын арнаған басқа да әйгілі азаматтар туралы мұражайлардан кеңінен хабардар болды. Олар атақты шайыр Қадыр Мырза Әлінің балалық шағынан бастап, өмірінің соңғы кезеңіне дейінгі еңбегі және оның өшпес шығармалары туралы да білгендерін байыта түсті. Қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз құрбан болғандарға арналған ескерткіш те олардың жан-дүниесін толқытты.

Балалар сондай-ақ Сырым еліндегі өлкетану жұмыстарымен жан-жақты танысты. Қособа мектебіндегі «Достық» жазғы лагеріндегі демалушылармен жүздесу ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале