29.12.2015, 12:00
Оқылды: 22

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШЫРША ТОЙЫ

 Jana Zelenov jildik shirsha   Зеленов аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің  жаңа жылдық дәстүрлі шыршасы өткізілді.

Оған аз қамтылған, көп балалалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және де оқуда озат, қоғамдық шарада белсенді,  яғни, ұзын саны 58 бала қатысып, қуанышқа кенелді.  


Биыл «Жаңа жылдағы жаңа ертегі»  тақырыбымен басталған мерекеге ертегілер елінің патшасы мен патшайымы, сайқымазақ, қарақшы т.б. кейіпкерлер қонаққа келіп, бүлдіршіндерді  қызыққа бөледі.

Жап-жасыл шыршаны шыр айналып, мәз-мейрам болған балғындарды аудан әкімі Кәрім Жақыпов құттықтап, жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын деген тілегін білдірді.

«Берсең балаға бер» демекші, бұл думанды тойға қатысушы әр балаға, аудан әкімі  қысқы киімдер мен «тәттілерге» толы қоржынды ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале