10.08.2016, 17:43
Оқылды: 21

Зашаған полиция қызметкерлері кəнігі ұрыны қолға түсірді

ugon2016 жылдың 8 тамызы күні сағат 12:00 шамасында Зашаған шағын ауданына қарасты 912 учаскеде  «Э» деген азаматшаға тиесілі «Самсунг Галакси» маркалы телефонын белгісіз біреу сыртқы орындықтан ұрлап, азаматшаға 18 мың теңге шығын келтірді.

Кейін Зашаған шағын ауданына қарасты Теміртау көшесінде орналасқан 21-ші үй ауласынан ашық түрде "Ауди 100" маркалы автокөліктен «А» деген азаматтың «Нокиа» маркалы ұялы телефонын  және 3 мың теңге ақшасын белгісіз біреу ұрлап, 7 мың теңге көлемінде шығын келтірді.  Жедел іздестіру шаралары барысында Зашаған полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері  1989 жылы туылған  «В» деген азаматты қолға түсірді.  Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.  ҚР ҚК 188-бабы 1, 2-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале