11.04.2016, 18:27
Оқылды: 40

Шағын бизнестің 36 субъектісі тіркелген

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы, Январцев округінде шағын бизнестің 36 субъектісі тіркелген. Шағын наубайхана, дәріхана, ағаш өңдеу орны,  7 ірілі-ұсақты дүкен, шаштараз, құрылыс жабдықтар дүкені халық игілігіне қызмет етуде.


     Егін егіп, омарташылықты да қолға алған «Алтын бидай» шаруа қожалығы ерекше көзге түседі. «Заман», «Емболат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, «БҚАТУ»,  «Керемет», «Бекмырза» шаруа қожалықтары мал-егін шаруашылығымен айналысып ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

     Ескі жылдың өзінде 241 т көкөніс жиналып, 1 га алқабтың өзінен 16 т картоп алынған.

     Ауыл маңында орналасқан ең ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Жайық мұнай» кен орны.

www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале