5.01.2016, 12:32
Оқылды: 60

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

 IMG-20160105-WA0003  Облысымызда Елбасының халықты жұмыспен қамту шараларын арттыруға қатысты тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Бүгінгі таңдашағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің саны 39,8 мың бірлікті құрайды.


Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 6,1%-ға өсіп, 108,8 мың адамды құрады.

Олармен 461,9 млрд.теңгеге тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірілді (2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша).

Облыста іскери белсенділіктің, ең алдымен,кәсіпкерліктің өсуіне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуы өз септігін тигізуде. Бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда3,2 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 2,7 млрд. теңге, инфрақұрылымды дамытуға – 0,5 млрд.теңге.

2015 жылы бағдарлама аясында несиелер мен инфрақұрылымдарды тарту бойынша жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгеге108 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Өз ісін ұйымдастыру үшін11 кәсіпкерге 11,0 млн.теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.

17 мың жұмыс орындарының сақталып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының қосымша ашылуы Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі болып табылады.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале