29.06.2016, 13:12
Оқылды: 19

Шағын несие шапағаты

shagyn nesie shapagatyЖәнібек ауылының тұрғыны Тілек Исмағұлов  аудан орталығындағы  мектепті осыдан төрт жыл бұрын бітірген соң, ауылда тұрып,  атакәсіпті өркендетуге ниет қойды. Ол өткен жылғы сәуір айында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2 миллион 900 мың теңге несие алып, мал шаруашылығына мықтап бет бұрды. Іскер жас қолындағы бар малымен «Тілек» шаруа қожалығын құрды. Тау ауылындағы «Нұғыман» қыстағының маңынан 700 гектар жер алды. Аталмыш бағдарлама бойынша алған несиесіне «Әлем» ШҚ-дан бір бас асыл тұқымды бұқа және аудан аумағындағы шаруашылықтардан 13 бас  аналық мал саудалады.  Биыл оның несиеге алған аналық малы төлдеп, 10 бұзау туып, мал басы 23-ке жетті. Күзге қарай ол «Нұғыман» қыстағынан ашық аула, мал қора және өзіне тұрғын үй салып алуды жоспарлап отыр.

 

www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале