14.04.2016, 11:59
Оқылды: 23

Шағын қоныстың қуатты қарқыны

 Shingirlau Segizsai   Шыңғырлауда аудан әкімі бастаған жұмыс тобы ауданның ең шалғай орналасқан нүктесі-Сегізсай елді-мекенінде (Алмаз ауылдық округі) болды. Орал-Ақтөбе бағытындағы Ұлы Жібек жолының бойында жатқан шағын қоныстың болашағы зор.


     Ұлы жолдың бойында жаңа инфрақұрылымның жедел дамуы да көңіл қуантады. Жап-жаңа мектеп барша сән-салтанатымен көз тартып, ауыл тұрғындары көптеп мал өсіруде. Ауылда былтыр ауылдық тұтыну кооперативі құрылып, жаңа құрылым тұрғындар сұранысын толық қамтуда. Осы ауылда толық қамтылған мал сою кешенін салып шыққан «Ахан» шаруа қожалығы биылғы жылға өзен жағасынан 50 га жер алып, бау-бақша егуді қолға алған.

     Құнарлы қара жер туырыла жыртылып, су тартуға арналған тұрбаларды орнату жұмыстары басталғалы жатыр екен. Диқандар басшысы: «Жер аса құнарлы. Қара топырағы мен құмы да жақсы араласқан. Дән қысылмай, еркін өседі»,-деп болашақ өнімнің жақсы болатынын мегзеді.

 www.zhaikpress.kz

Адақ ШОТПАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале