7.01.2016, 2:01
Оқылды: 85

Шаңырағы - шаруасымен шырайлы

ZH-350x350   Шұрайлы Шағатай ауылында жеке кәсібінің тасын өрге домалатып жүрген белсенділер - өте көп. Бірінде дүкен болса, екіншісінде - шаруа қожалықтары дегендей. Осындай ауыл бетке ұстарларының ішінде халық игілігі үшін бірнеше нысандар ашып, нарыққа үлес қосып отырған Нысанбаевтар әулетін ерекше атап өткіміз келеді. Ерлі-зайыпты Бауыржан мен Қарлығаш 2007 жылы өздері жинаған қаржыға азық-түлік дүкені, наубайхана мен тойхананы қамтитын «Бейбарыс» жеке кәсіпкерлігін ашып, тұрғындардың алғысына бөленуде. Ауылда бұларды танымайтын жан жоқ шығар, сірә?! Сонымен қатар олар көшелер мен әлеуметтік орындарды жарықтандыруға 100 мың теңге көлемінде қаражат бөліп, округ әкімшілігіне қол ұшын созған болатын. Жыл сайын өтетін «Қайырымдылық» айлығы, «Мектепке жол» акциясы және  Жаңа жыл мерекесінде балғындардан  сыйлығын аямайды.  


 

Бүгінде дүкенде бір сатушы жұмыс істейді. Сонымен қатар тағамдар дер кезінде жеткізіледі. Ал наубайхана толықтай жаңа техникамен жабдықталған. Күніне 100-120-ға жуық нан пісіріледі. Ауылда бұрынғыдай нан пісіру деген түсінік қалмаған. Бәрі оңай олжаға жүгіреді. Соның арқасында наубайханашының халыққа қызмет етуден қолы тимейді. Ел-жұрттың қуанышы мен қайғысына ортақтасып, түрлі жиындар өткізуге арналған тойхана жөні мүлдем бөлек. 170 адамды қамтитын бұл нысанға тек округ халқы емес, шалғай ауылдардағы тұрғындар да той-топыр, туған күн, садақа, шілдехана, құдалық секілді бас қосуларын жиі өткізеді. Тойхананың іші - кең, әдемі. Оның үстіне былтыр толықтай жөндеуден өткен болатын.

Елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерімізге Алланың нұры жаусын дегіміз келеді.

www.zhaikpress. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале