11.04.2016, 9:47
Оқылды: 24

Шаңырақта өткен сенбілік

Shanirakta otken senbilik       Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай  орталықтың ұйымдастыруымен «100 нақты көмек» жобасы жүзеге асырылуда.

     Аталмыш жоба аясында орталық «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің жастарымен тығыз байланыс орнатып, оларды әлеуметтендіру, өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал жасау бағытында жұмыстанып келеді.


       Осы орайда,бүгін орталық «Шаңырақ» жасөспірімдер үйін абаттандыру және көркейту мақсатында тәрбиеленушілермен бірлесе отырып,сенбілік ұйымдастырды.

           Сенбілікте30  түп ағаш отырғызылып,тазалық жұмыстары жүргізілді.

     Сенбіліктенкейін «Аялаған Алақан» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, жасөспірімдер үйінің бүлдіршіндеріне арналған қызықты ойындар ойнатылып және демеушілердің ұсынған мектепке қажетті шағын оқу құралдар мен азық-түліктерді жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне таратылып берілді.

     Аталмыш шараға БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары мен «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері, қызметкерлері  және ерікті жастар қатысты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале