3.08.2015, 18:43
Оқылды: 21

Шегірткенің алдында шарасыз емеспіз

Janakala shegirtkenin basti    Шөптің жауы шегіртке болса, бұл тектес зиянкестердің 270-тен аса түрі бар. Оның 10-15 түрі ауыл шаруашылығы мен шабындық жерлерге қауіпті.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы бастығы Света Сарсенбайқызы шегірткеге қатысты аудандағы жағдайды әңгімелеп берді.

- Шегіртке мамыр айының ортасында жұмыртқалап, шілденің басында қанаттары қатаяды. Биыл жылдағыдан күн ерте ысығандықтан, шегірткенің дернәсілдері жер бетіне жиырма күн бұрын ерте шықты. Сол себепті де зиянкестерге қарсы күрес ерте басталды. Биыл дернәсілдердің ошағын анықтау үшін 255 мың гектар жерге зерттеу жұмысы  жоспарланса, оның 80 мың гектары уланды. Соның ішінде азиат прусына қарсы 138 мың гектар жер зерттелсе, 50 мың гектары уланған. Ал италян прусына қарсы 117 мың гектар зерттелсе, 30 гектары уланды. Бұларды «Агро Сла» ЖШС 65 мың гектар және «Агро Люкс» ЖШС 25 мың гектар жерді өз меншігіне алып, уақытында улап шықты.

Келесі округтер бойынша мәлімет берсек: Жаңақазанда 13300 гектар, Жаңажолда 8400 гектар, Мәстексайда 8300 гектар жер италян прусына қарсы уланды. Көпжасар ауылдық округі 8000 мың гектар улауға жоспарланып, алайда шегіртке шықпады. Шықпау себебі табиғат факторіне байланысты. Аудан бойынша биылғы шегіртке 52300 гектар жерге қоныстанды.

Жалпы биыл межелі тапсырманы орындап, жоспардан шықтық. Күні бүгін шегірткеге қатысты жұмыстардың барлығы ойдағыдай атқарылды. Жаңақала ауданының аумағы қазіргі сәтте шегірткеден ада деп, анық айта аламын,-дейді Света Сарсенбайқызы.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале