3.02.2016, 16:01
Оқылды: 26

«Шежіре» ансамблі ауылдарды аралауын бастады

 

????????????????????????????????????

 Ел Тәуелсіздігінің 25 және Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына орай Зеленов аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Шежіре» фольклорлық ансамблі ауылдық округтерді аралап, егемендігіміздің ширек ғасырлық тойымен тұрғындарды құттықтауды бастап кетті.

Аслан Ғизатов жетекшілік ететін өнер ұжымы өзінің алғашқы сапарын Железнов ауылынан батсады. Домбыра дауысы сирек естілетін клуб залын «Адай» күйінің адуынымен ашып, Нұрғиса Тілендиевтің Ата толғауымен жалғап, Динаның Тойбастарымен көркейте түсіргенде залға жиналған ағайынның қошеметінен құлақ тұнды.


Содан кейін ансамбль сүйемелдеуімен Толғанай Саламатқызы «Әгугай домбыра», Артур Сисенов «Алатау», Наталья Сажина «Лучше нету того цвету»  әндерімен концерт сәнін кіргізсе, Сергей Саяпин орындаған Абайдың «Көзімнің қарасы» және Свиридовтың «Маританна» әндеріне халық тік тұра қол соқты.

Ән мен күй төгілген кеште өзбек халқының «Чертмак» күйі мен халық әні «Той базар», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйі орындалды. Болашақта барлық округтерді аралап шығуды көздеп отырған ансамбль әр концерттен түскен қаражатты аудан орталығында тұрғызылып жатырған мешіт пен шіркеу құрылысына бермек.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕНОВ

 Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале