23.06.2015, 15:23
Оқылды: 57

Шекарамыз мығым болсын

Janibek shekaramiz migim bolsin     Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиевтің төрағалық етуімен  аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік шекарада заң бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша жиналыс өтіп, оған ауылдық округтер әкімдері мен  ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2036 әскери бөлімі командирінің орынбасары Турлан Кадыркулов бастаған шекарашылар қатысты.

Отырыс барысында сөз алған Т.Кадыркулов мемлекеттік шекара аумағында дала өртін сөндіру кезінде заң бұзушылыққа жол бермеу, шекараға жақын орналасқан ауыл тұрғындарының бағусыз қалған төрт түліктерінің көршілес Ресей Федерациясы аумағына қайта-қайта өтіп кетуі мәселелерін тілге тиек етті. Осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында ауылдық округ әкімдері арқылы тұрғындарды хабарландыру қажеттігін баса айтты.

Жақсыбай ауылдық  округінің әкімі Алмат Қаратаев, Талов ауылдық округінің әкімі Марат Мұхамбетжанов, Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев, Борсы ауылдық округінің әкімі Айгүл Бекқалиева және Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиевтер сөз алып, тақырып аясында ой-пікірлерін ортаға салып, ауылдастарына түсінік жұмыстарын жүргізуге үлес қосып, алдағы уақытта шекарашылармен бірлесе жұмыс атқаруға әзір екендіктерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

                                                                                                  А.ҚАРШЕКЕ

                                                                                                   Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале