13.06.2015, 18:40
Оқылды: 28

Шекарашыларды алдамақ болды

ZH  Жуырда Орал Озинки бағытына жолға шыққан қалалық Ж.Нукатова деген азаматша «Тасқала» шекара  бақылау бөлімшесінде бөгде құжатты пайдаланғаны үшін қолға түсті. Ол ҚР азаматшасы Р.Кульмуканбетованың атына берілген 030253442 нөмірлі жеке куәлікті көрсетіп, шекара аспақшы болған. Құжатты тексеру барысында қырағы шекарашылар күдіктіні бірден құрықтайды. Осылайша шекарашыларды алдап, бөгде құжатпен өткісі келген Ж.Нукатованың арам ойы іске аспай қалды.

Тасқала аудандық сотының үкімімен Ж.Нукатова ҚК-нің 392 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын, бірақ ҚК-нің 63-бабына сай, оған 6 айға сынақ мерзімі бекітілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале