20.01.2016, 14:15
Оқылды: 34

Шекарашылармен кездесу

шекарашылар (1)Тасқала аудандық шекарашылар комендатурасында ақпараттық түсіндіру тобы «Діннің тұтастығы - қашанда елдің тұтастығы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова, аудандық мешіттің наиб имамы Қ.Нажмитдинов қатысты.


Алдымен шекара қызметкерлеріне бейнеролик көрсетілді. Содан соң түсіндірушілер тобы қазіргі таңдағы діни ахуал туралы құнды мәліметтермен бөлісті.
шекарашылар – Сіздердің атқарып жатқан қызметтеріңіз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі таңда экстремизм мен терорризмнің әр мемлекетке қаншалықты қауіп төндіріп отырғанын өздеріңіз жақсы білесіздер, олардың бар мақсаты - жастарды қайтсе де өз құрықтарына түсіріп, елді бүлікке бастау. Сол себепті өте абай болған дұрыс, - деді ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанаргүл Қайырғалиқызы.

Сондай-ақ аудандық мешіттің наиб имамы Құлтөре Сақийұлы бүгінде жалған ағым жетегінде жүрген жастардың көп екендігі және бұл жайт мемлекеттің біртұтастығына кесел келтіретіндігі турасында діни насихат жүргізді.

Жиын соңында шекара қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды.

Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының кезекті кездесуі өрт сөндіру қызметкерлері мен жалғасын таппақ.

      www.zhaikpress.kz

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале