21.04.2016, 12:15
Оқылды: 31

Шекара шебі қырағы күзетілуде

Janibek shekara shebi     Жәнібек аумақтық 2036 әскери бөлім командирі, подполковник Т.Исхановтың бізге берген мәліметіне сәйкес Жәнібек ауданында мемлекеттік шекараны және оның режимін бұзудың 140 дерегі тіркеліп, ол бойынша 191 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


     Еліміздің аумағында заңсыз көшіп-қонудың алдын алу, өз уақытында іздеп табу немесе жүргізілген жедел іс-шаралардың қорытындысы оң нәтиже беріп, шекара аймағында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тағы басқа Қазақстан Республикасы азаматтарының көші-қон саласындағы тәртіп бұзуы тіркеліп, шекара қызметкерлерінің қырағылығы арқасында қолға түскен. Сондай-ақ, Жәнібек, Ұзынкөл, Борсы, Қамысты елді мекендерінің шекаралық аймақта және шалғайда орналасуына байланысты шекара сызығы мен тәртібінің бұзылуы, контрабандалық тауарлардың және шекара арқылы мал айдап өтуі заңға қайшы екендігі ескертілген.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале