18.05.2016, 15:46
Оқылды: 18

Шекара қызметкері суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Sudan kytkardi  Оқиға 7 мамыр күні орын алған, алайда ол жөнінде тек қазір мәлім болды. №2036 әскери бөлімнің  радиотелефонисті Әділбек Рахметов Жәнібек аулының шетіндегі жасанды су тоғанының жағалауында болып, оған алыс емес жерде бір топ бала ойнап жүрген. Оның ішінде әртүрлі жастағы 2 ер бала және 5 қыз болған. Кенетте ер адам көмек сұраған «Құтқарыңдар, ол батып бара жатыр!» деген айқайын естиді. Әділбек жүгіріп жетіп келіп, судан тек баланың көтерген қолдарын көреді. Балалардың біреуі ойнап жүріп суға тайып кеткен болуы керек.


   Әскери қызметші ойланбастан су айдынына қарғып түсті. Дегенмен, суға батып бара жатқан баланы құтқару оңайға түспесе керек, үрейге түскен бала тырмысып, жүзіп келе жатқан ер адамды өзімен бірге суға батыра жаздайды.

   Әділбек батылдықпен танытып, баланы қолынан ұстап  жағаға шығарады. Сөйтіп, әскери қызметшінің ерлігі арқасында бесінші сынып оқушысының жаны аман қалады.

    Қазіргі таңда департамент басшылығы қаһарманды марапаттауға ұсыныс әзірлеуде.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале