8.04.2016, 17:41
Оқылды: 20

«Шексіз мүмкіндіктер»

beeline       Қаламыздағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта (бұрынғы №15 көмекші орта мектебі) дәл осындай атаумен қайырылымдылық акциясы өтті. Бұл шара «Билайн Қазақстан» компаниясының аталмыш білім ұясын ұшқыр интернетпен қамтамыз етуіне арналды.


      -Бізде зердесі, ділі ауытқыған балалар тәлім-тәрбие алуда. Бұл ауытқуларды түзету күрделі үрдіс. Мұндай балаларды дамытуда хоббитерапия, музыкатерапия, ептілік пен дағдыны жетілдіру сынды әдістемлер бар. Ұшқыр интернаттің арқасында осындай әдістемлерді, технологиялық-дидактикалық ойындарға кеңнен қолдануға мүмкіндік алып отырмыз. Бізге ауыз толтырып айтуға тұратын қайырымдылық жасағаны үшін «Билайн Қазақстан» компаниясына мектеп ұжымы мен оқушылар атынан өз ризашылығымды білдіремін,-деді акцияның ашылу салтанатында аталмыш білім ұясының директоры Бауыржан Әбдірахманов.

         Өз кезегінде сөз алған «Билайн Қазақстан» компаниясының корпоративтік коммуникациялар бойынша директоры Алексей Бендзьдің айтуынша, компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытында біраз жобаны қолға алған. Соның бірі – мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау. Бұл бағдарлама 2014 жылы басталған. Осы бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі 17 мекеме ұшқыр әрі тегін инернетке қосылды. «Қуаттылығы секунтына 50 Мбит болатын бұл интернет үлкен мүмкіндік береді,-деді ол.-Яғни түрлі бейне конференциялар өткізіп, онлайн оқуларға, өзге де шаралаға қатысуға болады. Біз жалпы білім беретін мектептерге емес, мүмкіндігі шектеулі оқушылары бар және интернет сапасы төмен білім ұяларына көмек қолын созуға жете мән береміз. Себебі, мұндай жерлердегі оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың дамуын жаңа деңгейге көтеруге, болашақта өздері қалаған мамандық иесі болуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл бастамамыз өз жемісін беруде. Мәселен, өткен жылы Шымкенттегі көзі нашар көретін және соқыр балаларға арналған мектеп-интернатта осындай жобаны жүзеге асырдық. Бұрын ондағы балалардың көбі интернетті естігені болмаса, оны білмейтін. Біз оларға ұшқыр интернетпен қатар ғаламтордағы мәліметтерді дыбыстап жеткізетін құрылдар сыйладық. Қазір ол шымкенттік балалар өздерін кем сезінбейді. Мүмкіндігі шектеулі ақтөбелік оқушылар интернет-олипиадаларға қатысып, дарындылықтарын дәледеуде. Енді оралдық өрендер де әлем жаңалықтарын хабарлар болып, интернет арқылы достар тауып, өздерінің білім деңгейлерін көтеріп, өмірдің жаңа белесіне шығарына сеніміз мол».

         Содан кейін Алексей Бендзь аталмыш мектеп-интернатқа ортопедиялық зонд және сөйлеу құрылғыларын тару етті.

        Шара соңы мектеп оқушылардың шағын концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале