17.02.2016, 18:44
Оқылды: 38

Шетелдік азамат жол жүрісі қағидаларын бұзған

????????????????????????????????????

 Ақжайық аудандық №2 сотында судья Тамара Ғұмарова ашық сот мәжілісінде Беларусь Республикасының азаматы А.Беляевқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қарады.


«Виптранс-Спедишн» СООО жүргізушісі болып жұмыс жасайтын шетелдік азамат биылғы 17 қаңтарда сағат 13 шамасында өзінің «Скания R-420» автомобилімен Орал – Атырау тасжолының 236 километрінде алдында кетіп бара жатқан «Renault-Magnum» көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Тексеру А.Беляевтың жол жүру тәртібі (9.10 тармақ) қағидаларын бұзғанын, яғни алдында кетіп бара жатқан көлік құралымен арадағы қашықтықты сақтамағанын көрсетіп берді. Сөйтіп, ол тіркемелі көлік құралының иесіне материалдық залал келтірген. Сот мәжілісінде шетелдік азамат өз кінәсін толық мойындады.

Аудандық №2 соттың қаулысымен А.Беляевқа он айлық есептік көрсеткіш – 21210 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы қолданылды,-деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметі.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале