1.10.2015, 19:10
Оқылды: 20

Шетелдік компаниялар студенттерді қолдауға әзір

BKATU forum (1)     Осындай мақсатта Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Университет және шетелдік компаниялар: әріптестік және мүмкіндіктер, перспективалық даму» тақырыбында форум өтті.

Бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін шетелдік компаниялармен әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда аталмыш оқу орны 23 шетелдік компаниялармен әріптестік бағытында меморандумға қол қойған.  Соңғы жылдары «Каспиан Проджер», Қарашығанақ кеніші, «ЖайықМұнай», «ҚазМұнайГаз», «Тенгизшевройл», NCOC, «Маершк Оил» және «Орал Оил энд Газ» компаниялары әлеуметтік серіктестік аясында оқу орнымен бірлесіп, мамандар даярлауда оң ықпал танытуда.

Форум жұмысына аталған компания өкілдерімен қатар,  Proger S.p.A италияндық компаниясының атқарушы вице-президенті Микеланджело Торторелла мен «Каспиан Проджер Инжиниринг энд Кансалтинг» ЖШС бас директоры Криши Нино Гайтано қатысты.  Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев қатысушыларды облыс әкімі Н.Ноғаевтың атынан құттықтап, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, «Каспиан Проджер Инжиниринг энд Кансалтинг» ЖШС бас директоры Криши Нино Гайтано да өзі басшылық ететін компания жұмысына тоқталып өтті. Аталмыш оқу орнының студенті Малика Саудашева мен Нұрлыбек Аяновтар Италияда өткен оқу-тәжірибелерін ортаға салды.

Форум соңында резолюция қабылданып,  Микеланджело Торторелла  мен Криши Нино Гайтаноға оқу орнының «Құрметті профессоры» атағы берілді.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале