20.05.2016, 18:31
Оқылды: 31

Шолақ оймен шулаумен ешкім ұшпаққа шықпайды

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Жер реформасына байланысты зиялы қауым өкілдерімен әңгіме өткізді.

   Ол жиналғандарды Елбасы тапсырмасымен құрылған Жер реформасы бойынша комиссияның жұмысымен жан-жақты таныстыра келіп, аталған мәселеге байланысты мемлекеттің мызғымас берік ұстанымын баяндады. Өкінішке қарай,- деді ол, жүргізіліп жатқан тиісті мораторийге және кең ұғындыру істеріне қарамастан, шолақ оймен, жағдайдың мәнісіне бармастан шулап жүргендер бар. Соларды Жер анамызға қатысты нағыз жаны ашитындардан айыра білуіміз керек,- деді ол.


  Осында сөз  алғандар тәу етер тәуелсіздігіміздің жақсылықтарын көре білу, дағдарысқа қарамастан мемлекетіміздің тегеурінді іс-қимылын бағалау жайындан жан-жақты айтты. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Ақжайық агротехколледжінің директоры Бақытжан Қоспаев, Чапаев әйелдер кеңесінің төрайымы Балым Хамзина, «Таным» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерді қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрман Бисеғалиев, қосымша білім беру педагогы, эколог Ерлан Құсайынов, ардагер педагог, журналист Бақтығали Қоспаев Жер туралы кодекстің кейбір баптарына қатысты еліміздің жер-жерінде орынды алаңдаушылық және бағалы ұсыныстармен қатар айтушылар аз емесін, оларды қолдайтындарын, бірақ ойына келгенді айтып жүргендер де, тіпті арандатушылар барына қынжылыстарын білдірді. Теріс сөзден жастарымызды сақтау осы кездесуде айрықша айтылды. «Ақыл мен сабыр жоқ жерден берекет кетеді. Мен кейбіреулердің егемендігіміздің қадіріне жетпей жүргеніне өте-мөте қынжыламын. Демократияның не екенін түсінбей, аузына келгенін сөйлейтіндер аз емес. Оларға ерсек, мына мамыражай күнімізге ертең-ақ зар болып қаламыз»,- деді ақын Сағынтай Бисенғалиев.

   Жер реформасын шешпей түбегейлі экономикалық өсімге қол жеткізген ел әлемде жоқ. Жер кодексі жер учаскелерін, ауылшаруашылық барлық алқаптарын ұтымды, қарымды пайдалануды көздейді. Осының бәрін халыққа ұғындыруды қанаттандырған абзал. Осындай ой-толғамдармен қатар кездесуде ауылға таяу тұстарда тұрғындардың малына жайылыс үшін алқаптардың шегін жан-жақты айқындау, ондай учаскелерді ешқандай жалға бермеу хақында баяндалды. Сондай-ақ жерді ұзақ мерзімге жалға алғандар кейде сол тұстағы жолдардан өткізбей, бұрыннан орналасып қалған нүктелерге кіргізбей қоюын қалай жөнге салуға болады деген сұрақтар болды. Жер кодексіндегі сервитут, яғни бөтен жер учаскелерінен шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде, жаяу өту, көлікпен өту, өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығына қатысты әлде де дәлдей түсетін мәселелер аңғарылғандай болды. Сұрақтар туындататын барлық жайт Жер реформасы бойынша комиссяиға жеткізілетін болады. Аудан әкімі осы туралы айтып, жүздесуді қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале