11.02.2016, 10:46
Оқылды: 21

Шынықсаң шымыр боларсың...

Janakala shiniksan shimir bolarsin   Жаңақала ауданындағы С.Меңдешев ауылдық округінде салауатты өмір салтын ұстану мақсатында және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мекемелер арасында «Шынықсан шымыр боларсың» атты шаңғы жарысы өтті.


   Жарысқа әкімшілік, мәдениет үйі қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, ауыл жастары белсене қатынасты. Жарыстың ашылуына С.Меңдешев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Нургазинов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қортындысы бойынша І орынды Қырқопа ауылдық мәдениет үйі, ІІ орынды Әкімшілік аппараты, ІІІ орынды әлеуметтік қызметкерлер иеленсе, 3-топ мүгедектері Е.Қуанғалиев пен Қ.Сағынғалиев ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Барлық жүлдегерлерге ауылымыздың жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші Қ.Сапиуллин Алғысхатпен сыйлықтар табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале