29.12.2015, 20:14
Оқылды: 25

Шырша тойы басталды

  Shingirlau shirsha toyi bastaldi Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі болып өтті.


 Әсем шырша жанында әдемі киімдер киіп, жүректері қуанышқа толып жүрген балаларды аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтап, оларға мықты денсаулық, бақытты балалық тіледі.

 Аудан басшысы сонымен қатар шырша тойына қатынасушыларға жыңа жыл сыйлықтарын табыс етті.

 Әкелген көп жақсылық,-дегендей Аяз Ата мен Қарша қыздың балаларды құттықтауы жаңа жыл мен ескі жылдың кездесуіне ұласты. «Жаңа жыл» биін мәдениет үйінің бүлдіршіндері әсем билеп өрнектесе, сахна сәні болып жүрген Нұргүл Байғалиева әннен шашу шашты. Жиналғандар Гауһар Мұсаеваның «Жаңа жыл» әніне, «Мақта қыз бен мысық» ертегісі қойылымына ризашылықпен қол соқты.

www.zhaikpress.kz

Адақ Танабайұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале