1.09.2015, 15:27
Оқылды: 49

Шыңғырлаудағы алғашқы қоңырау салтанаты

ShingirlauAlgashki konirau   Шыңғырлау ауданы орталығындағы Лұқпан Қылышев атындағы Шилі орта мектебінде алғашқы қоңырау салтанаты биыл ерекше өткізілді. Қуанышқа бөленген шәкірттер мен ұстаздар, әр шаңырақтың бақыты болады деп үміттерін үкілеген ата-аналар шаттығы бір арнада тоғысқандай.

Алғашқы қоңырау Шыңғырлау орта мектебінде оздырылып оған аудан әкімі А.Халелов қатысып құттықтау сөз сөйледі. Алғашқы қоңырау салтанатын мектеп директоры Г.Джұмабаева ашып, оқушыларға жақсы тілегін арнады.

Мектеп есігін алғашқы ашып, білім ордасына келген 1 сынып оқушыларына аудан әкімі «Менің Қазақстаным» кітабын сыйға тартты.

Мектеп оқушыларының «Ынтымақ» биі, кішкентай бүлдіршіндердің ғалым аталары Л. Қылышев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюы, алғашқы қоңырау мәртебесін одан әрі асқақтата түсті.

Қоңырау үні сыңғырлай жөнелді. Осыны күткендей шәкірттер легі білімнің  қарашаңырағына қуана қадам басты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале