16.11.2015, 14:11
Оқылды: 56

Шыңғырлауда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні тойланды

Shingirlau auilsharuashiligi   Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылық күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Бұл шарада аудан әкімі А.Халелов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің атқарған жұмыстарына шолу жасады.

Өздерінің еңбектерімен көзге түскен үздік қызметкерлерді марапаттап, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Облыстық мәслихат депутаты М.Байжанов, еңбек ардагері Қ.Әбдірахмановтар құттықтау сөз сөйледі.

Кеш соңында аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мерекелік концерт құрып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Адақ Танабай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале