3.05.2016, 11:08
Оқылды: 26

Шыңғырлауда балабақша мәселесі түбегейлі шешіледі

Shingirlau balabaksha    Аудан орталығындағы құрылысы өткен 2015 жылы басталған 280 орындық балабақша құрылысы қайта жанданды. Қыс айларында іркілген жұмыс көктем шыға жалғас тауып, алдағы тамыз айында қолданысқа берілмек. Өткен жылы қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылып үлгерген ауқымды құрылыстың  ішкі жұмыстары жасалуда. Жаңа заманғы талапқа сай үлгіде жасақталатын мектепке дейінгі мекеме ауданымыздағы типтік үлгідегі алғашқы нысан болғалы тұр.


    -Негізінен, едендерін құйып шығу, еден асты және қабырға жылу жүйесін орналастыру, жылу ұстайтын арнайы материалдармен қабырғаларын қаптау, қажетті бөлмелерде қабырғаларға қыш тақталар (кафель)жапсырусияқты ішкі әрлеу жұмыстарын орындаймыз,- дейді мердігер «СФ Алтим»ЖШС-гі прорабы Мирас Жүсіпқалиев. Шатырдың жиектеме қоршауларынан бастап жатырмыз. Қазірдің өзінде 60-тан аса адам жұмыс жасап жатыр, әлі адам қосамыз, жалпы саны 100-ге тарта құрылысшы тартылады. Бүгінгі таңда 4-5 адам жергілікті тұрғындардан алынды.

     Жұмыс қарқыны мен күннен-күнге ажарланып келе жатқан нысанның келбеті көңіл қуантады.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале