24.02.2016, 19:46
Оқылды: 19

Шыңғырлауда бокстан жарыс басталды

  ShingirlauBoks Шыңғырлау ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында Социалистік Еңбек Ері, даңқты механизатор Манат Ержановты еске алуға арналған «Жарас» ШҚ (басшысы М. Тасмағамбетов), жүлдесі үшін бокстан халықаралық дәстүрлі турнир басталды.


Жарысқа Ақтөбе, Форт-Шевченко, Орал, Атырау қалаларынан, Маңғыстау облысы, Казталов, Ақжайық, Теректі, Зеленов және Шыңғырлау аудандарының командалары қатынасуда. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, ауданымыздың құрметті азаматы Алғали Тасмағамбетовтер сөз сөйлеп, балғын спортшыларға табыс тіледі.

Іріктеу жарыстары өтіп жатыр.

Жарыстың финалы алдағы сенбі күні өтпек.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале