13.09.2016, 10:42
Оқылды: 24

Шыңғырлауда бір күнде қос нысан қолданысқа берілді

%d0%b1%d1%96%d1%80-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d2%9b%d0%be%d1%81-%d0%bd%d1%8b%d1%81%d0%b0%d0%bd-%d2%9b%d0%be%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d1%81%d2%9b%d0%b0-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb%d0%b4  Шыңғырлау ауданында бүгін екі бірдей жаңа нысанның ашылу рәсімі өтті.  Ауданның экономикалық дамуы, ауылшаруашылығы өнімдерімен ауданды қамту, ет экспортын ұлғайту, сондай-ақ, мал өнімдерін пайдаланудың, сатудың бүгінгі таңдағы ветеринариялық талаптарға сай болуы мақсатында жаңа мал сою нысаны іске қосылды.


  Аудан әкімі Альберт Есалиев жаңа нысанның ашылуымен жиналғандарды құттықтап, мұны мал өсіру бағытындағы өңіріміздің  алдағы дамуына қосылған үлес,  сондай-ақ, мал ауруларының халық арасына таралмауы бағытында, ауданның ет өнімдерін экспорттаудағы әлеуетін арттыруға бағытталған ізгі қадам,- деп бағалады.

   Жергілікті  жеке кәсіпкер Мұса Намиевтың «Намиев» кәсіпкерлігі жүзеге асырып отырған бұл қадам аудан шаруашылықтарындағы мал басын союдың тиімді және кәсіби оңтайлы нұсқасын ұсынып отыр. Мал сою нысаны тәулігіне 15-20 бас ірі қара малын союға есептелген, яғни, тәулігіне 2500 кг ет өндіре алады. Нысан арнайы мал сою орнымен, салқындату және сиымдылығы 20 тонналық қатыру жабдықтарымен жасақталған. Бұған қоса нысанда тұрақты түрде ветеринар маман отыратын болады, сойылған малдың еті жергілікті зертханалық орталықта тексеруден өткізілуі келісіліп, пысықталған. Мұнда қазір 2 жұмысшы тартылған, таяуда бұл көрсеткіш көбейеді деп жоспарлануда.

   Бүгінгі таңда аудан бойынша осындай талапқа сәйкес 2 мал сою нысаны бар.

  Сондай-ақ аудан орталығында «Галиев» жеке кәсіпкерлігі «Гурман» суши-бар пиццериясын ашты.  Орталық көшеде қос қабатты үйдің төменгі қабатына орналасқан шағын нысан тұрғындарға корей, түрік, жапон тағы да басқа халықтардың ас мәзірінен дәмді тағамдар ұсынатын болады.

   Аудан басшысы Альберт Есалиев бүгінгі заман талабына сай, әлеуметке қажетті, жылдам әрі дәмді тамақтандыратын орынның ашылуы, сонымен қатар мұндай жақсы бастаманы жастардың қолға алуы, ауданда жаңа кәсіпкерлердің көбеюі жақсылықтың нышаны екенін атап өтіп, аудан өмірінің қала стандарттарына жақындауы көңіл қуантатынын атап өтіп, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

  -Ауданымыздың тұрғындарына өзге халықтардың дәмханасынан тағамдар ұсынбақпыз, дәмін білсін, таныс болсын деген ниеттеміз, болашақта жұмыс орнын көбейтеміз, келушілерге кең отырып демалатын жағдай жасайтын боламыз. Мәзірімізде өзге елдердің балық тағамдары, түрік асханасының донеры, және балаларға арналған сүтті-коктейлдер, басқа да тәтті тағамдар көп болады,- дейді нысан жетекшісі Әдемі Еділқызы Галиева .

  Аудан тұрғындары бүгінгі сәнімен, салтанатымен ашылған қос нысанды сол ел егемендігінің 25 жылдығына лайықты тарту ретінде қабылдауда.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале