22.08.2015, 10:02
Оқылды: 24

Шыңғырлауда дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті

ShingirlauDastyrli tamiz maslihati

 

20 маусым күні мәдениет үйінде аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті. Оған барлық мектеп ұжымдары мен ауылдық окургтердің әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Ұстаздардың басты жиынында аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Сапаров баяндама жасады.  Жас ұрпаққа білім беру жолында еңбектеніп жүрген ұстаздарды аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов құттықтап жаңа оқу жылында тың ізденістер, шығармашылық табыстар тіледі. Жиын барысында ізденістерімен көзге түсіп келе жатұан мұғалімдердің бір тобына облыстық және аудандық білім бөлімдері басшыларының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді. Сонымен қатар көп жылдар білім саласында еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шығып отырған 5 ұстазға сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді.

Шара соңында барлық ұстаздарға арналып өнер жолында дарындарымен көзге түсіп, түрлі байқаулардан жүлдегер болып қайтқан өнерпаздар әннен шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале