20.05.2016, 10:31
Оқылды: 13

Шыңғырлауда «Жолда қабылдау» акциясы басталды

Shingirlau jolda kabildau    Шыңғырлау  ауданында «Нұр Отан» партиясының «STOP-Қылмыс» партиялық жобасы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдары мен құрылымдарына, әкімшілік полициясының қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатын көздеген «Жолда қабылдау» республикалық акциясы бастау алды.


         Акция аясында  аудан орталығындағы көшелер бойына рейдке шыққан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова, филиал кеңесшісі А.Шандатова, жол полиция қызметкері, полиция капитаны М.Тоғызбаев,аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы тобының жаукынгерлік қызметтік даярлық инспекторы, полиция капитаны Н.Маматов көлік жүргізушілермен акцияның мақсаты мен міндеті туралы әңгімелесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ,  көлік иелеріне ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені жөнінде баяндай келе «жол қауіпсіздігі саласында құқық бұзушылықтың алдын алу- әрбір тұрғынның өзінен бастау алу керек»  деген ойларымен бөлісті.

         Әрбір жүргізуші жолда жүру ережесін сақтап, қауіпті жағдайлардан аулақ болып,  көлік рөлінде отырған әрбір жүргізуші өзін салқынқандылықпен ұстап, заң шеңберінде әрекет ететін болса, көптеген оқыс оқиғалардың алдын алуға болады деген пікірмен келісетінін айтып, өздері білгісі келетін сұрақтарына да жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале