18.06.2015, 10:24
Оқылды: 30

Шыңғырлауда көрермендерді тәнті еткен кеш өтті

Korermenderdi tanti etken kesh    Шыңғырлау ауданымына БҚО әкімшілігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұжымы өнер сапарымен келіп, аудан  халқын ән-жырмен, күй-термесімен сусындатты.

Оркестрдің орындауындағы Тәттімбеттің, Дәулеткерейддің, Құрманғазының сан сезімді қозғайтын күйлері көрермендерді ризашылыққа бөледі. Сонымен қатар Ә.Бейсеуовтің, Ш.Қалдыаяқовтың әндері орындалған сәтте көрермендер әнге қосылып,  өздерін өнерді білетін, бағалайтын жандар ретінде көрсете білді.

Сахнаға жерлесіміз, өңірімізге өнерімен танылған Мықтыбаевтар әулетінің таланатты ұлдарының бірі  халықаралық конкурстардың лаураеты, «Дарын» сыйлығының иегері Батыржан Мықтыбаев шығып, күйді күмбірлете жөнелген алғашқы сәттен жерлестері орындарынан тұрып қол соғып, қолпаштап отырды. Өнер кеші Құрманғызының  «Балбырауын» күйімен аяқталып, сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов өнерпаздарға ризашылығын білдіре отырып, ұжымның директоры Нұрғиса Дәуешевке және өнерпаз жерлестерімізге гүл шоқтарын тапсырып, ескерткіштер тарту етті.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ибрагимқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале