8.07.2015, 10:47
Оқылды: 20

Шыңғырлауда мал азығы молынан жиналмақ

Shingirlau shop shabu    Биылғы  шөптің шығымы жаман емес дейді ауыл шаруашылық мамандары,  әр гектарына  4,5 центнерден алғанның өзінде  күзге дейн  мол азық жинауға болады екен.

Шыңғырлау ауданы көлемінде  биыл жоспар  бойынша  65400  тонна мал азықтық шөп шабуымыз тиіс болса,  қазіргі таңда  46667 гектар жерден  21000 тонна  жиылып, тапсырма  37 пайызға орындалған. Демек, жаздың соңғы күндерін  шаруа жандар тиімді  пайдаланса,  бұл жоспардың да  үдесінен шығып, мал-жандарын  азықпен , артығымен қамтамасыз  етпек.Өткен жылдан қалған  3000 тонна шөп  те  мал баққан жандардың ұқыптылығының,еңбекқорлығының  көрінісіндей. Демек, мал басы көбейсін десек, ең алдымен  азығын   қамдауымыз шарт.

www.zhaikpress.kz

Айсұлу Амангелдіқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале