13.09.2016, 10:49
Оқылды: 27

Шыңғырлауда салауаттылыққа үндеген сәнді шара өтті

%d1%88%d1%8b%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%83%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d2%9b%d0%b0-%d2%af%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd   Шыңғырлау ауданы бүгінгі күнді елімізді шуақты бүгінімізге жеткізген, тұрақтылық пен татулық, әлем бейбітшілігін құптаған зайырлы мемлекетке айналдырған құнды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көпшілік велошерумен бастады.


  Ауданның барлық мекемелері мен ұжымдарынан, балабақшалардан, ауылшаруашылық бөлім, орталық кітапхана ұжымы, аудандық БЖСМ командалары, мектеп оқушылары мен аудан тұрғындары бір сапқа топталған сәнді шара аудан орталығының Г. Шевцов, Қазақстан, А. Құнанбаев, Л.Қылышев көшелерін жүріп өтіп, аудандық БЖСМ спорт кешені алдына жиналды. 192 велосипедші қатысқан ауқымды шерудің алдын аудан орталығындағы Шилі ОЖББМ-нің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қолғанат Шөпенов, аудан әншісі Тынышпай Әмірғалиев және аудандық спорт клубының шабандозы Мирас Темірбулатов бастап келді.

   Салауаттылыққа бастайтын спорттық шараны түйіндеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Ишекенов Тәуелсіздігіміздің құндылығын, еліміздің тыныштығын сақтаудың маңыздылығын айта келіп, осы спорттық шара бүгінгі күнмен қалып қоймай әрбір жас үшін күнделікті дағдыға айналса деген тілегін қосты. Аудан әкімі Альберт Есалиевтің атынан қатысушыларға арналған Алғыс хаттарды аудандық «Сенпін» газеті редакциясының директор-Бас редакторы Адақ Шотпанов тапсырып, ең жас қатысушы Шыңғырлау мектебінің 2 сынып оқушысы Әйгерім Саин, осындай Алғыс хатпен Дмитрий Масалимов, әйелдер арасында Алмагүл Минешова,  ересектер арасында «Айгөлек» балабақшасының жұмысшысы Ерболат Жұмағазиевті марапаттады.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале