3.08.2015, 17:37
Оқылды: 26

Шыңғырлауда Спартакиада мәреге жетті

ZH    Шыңғырлау ауданы орталығындағы Л.Қылышев атындағы Шилі орта мектебінде  Ащысай, Лубен ауылдық округі спортшылары арасында өткен жарыстың финалдық кездесуі өтті.

Ашылу салтанатында Шыңғырлау спорт мектебінің директоры А.Тағаниязов,спорт ардагері Т.Дүйсебаев құттықтау сөз сөйледі. Республикалық  спорт түрлерінен  және Президенттік көп сайысқа арналған  спартакиадада үздік нәтижелерімен көзге түскендер аудандық мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі атынан марапатталды. Сондай-ақ жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар облыстық жарысқа жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Гауһар Әлібек

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале