8.10.2015, 13:06
Оқылды: 17

Шыңғырлауда тауар бағасы қадағалануда

Shingirlau tauar bagasi    Аудан әкімдігінде  аудан басшысы  А.Халеловтың  төрағалығымен  өткен  кәсіпкерлер қатысқан жиында, негізінен қазіргі уақытта жер-жерде белең алып отырған қымбатшылықтың  қарапайым халыққа кері әсерін тигізбеу жөнінде айтылды.

Жиында аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы  Ө.Бекениязов баяндама жасап,  қазіргі  саудадағы тағамдардың  орташа бағаларын атап өтті. Сонымен бірге қымбаттаушылыққа қарсы құрылған комиссияның жұмысы,  осы бағыттағы заң талаптары туралы түсіндірілді. Кәсіпкерлер бас қосқан аталмыш  жиында аудан орталығында орналасқан сауда орындарының айналасын көркейту туралы жеке кәсіпкерлердің   қаперіне салынды.

www.zhaikpress.kz

Айсұлу Арыстанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале