26.11.2015, 12:38
Оқылды: 19

Шыңғырлауда тұрғындармен түсінік жұмыстары жүруде

Shingirlau tyrgindarmen tysinik jumistari   Шыңғырлау селосының орталығында ҚР ҰҚКД және шекара заставасы, комендатурасының өкілдері село тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді. Жиынның басты мақсаты - тұрғындарға мемлекеттік шекарадан өтудің тәртібі мен ережесі, шекараға жақын жерде жұмыс істеген,  болған жағдайда нені білу керек, шекараны заңсыз өту немесе шекарадан өту ережесін және  тәртібін бұзған жағдайда  қандай жауапкершілікке  тартылмақ - осы тұрғыда  жиынды ұйымдастырушылар кең түрде түсіндіріп, тұрғындар сауалдарына жауап берді.


Жиынға қатысушылар  ҚР ҰҚҚД БҚО  бойынша өкілі Аңсар Маннаповтың, «Шыңғырлау» Шекара  комендатурасы комендантының   орынбасары, майор Әнуар Махатовтың, «Шыңғырлау» шекара заставасы басшысының орынбасары  лейтенант Әбдіраман Нұрсұлтанның баяндамасын тыңдап, көптеген мәліметтермен танысты, сонымен қатар шекарадан заңсыз өткен өзбекстан азаматтарының бейне жазбаларын көріп, көп нәрсені көңілдеріне түйді.

Шекара туралы заң талаптарын түсіндірушілер, сонымен бірге елімізді жат пиғылды  адамдардан қорғау және кейбір келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін  барлық жұмыстар атқарылуда деді. Десек те тек қана тиісті  органдар ғана емес, бұл әрбір тұрғынның азаматтық парызы екендігін де айтып өтті.  Осындай жиындар Тасмола және Ащысай ауылдарында да өтті.

www.zhaikpress.kz

Шыңғғырлау ауданы

                                                       Айсұлу Арыстанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале