4.06.2015, 9:08
Оқылды: 20

Шыңғырлауда тұрғындар жиыны өтті

Shingirlau jiyin Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде аудан орталығы тұрғындарының жиыны өтті.Бұл басқосуда Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғұсман Жұмағазиев сөз алып, ауыл тазалығы, көгалдандыру мәселесі, жеке аула малдарының бағымы жөнінде маңызды жайттарға тоқталды.

Жарыссөзде ауыл тұрғыны Н.Нұрғазиева, М.Тілемгенов, Г.Ремизовалар аталған мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Алдияр Халелов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспраларды нақты айқындап айтты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале