24.06.2015, 20:54
Оқылды: 32

Шыңғырлауда шырайлы істер бар

Shingirlauda shiraili011    Шыңғырлау ауданында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен «Инвестиция тарту - экономиканың даму жолы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға облыстың барлық аудандарының әкімдері, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшылары, сала жетекшілері, неше ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Өңір басшысы, ең әуелі, Ақсай-Шыңғырлау бағытындағы тас жолдың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл жолды күрделі жөндеуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 295 млн. теңге қаражат бөлініп игерілген болатын. Осы жылы да оған 237 млн. 769 мың теңге қаражат қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан соң өңір басшысы аудан орталығында болып, «Нұр Отан» партиясы ғимаратында аудан ақсақалдарымен кездесті.

Одан әрі облыс әкімі Шыңғырлау ауылында салынып жатқан 290 орындық балабақша құрылысымен танысты. Оның құрылысын «АлТим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Құрылыстың жалпы сметалық құны 541 млн. 203 мың теңгені құрап, салу мерзімі 9 айға жоспарланып отыр. Аудан әкімі Алдияр Халеловтың айтуынша, құрылыс жұмысына қажетті материалдарды,  құрал-жабдықтарды, адам күшін мүмкіндінше аудан көлемінен тарту басты назарда ұсталуда.

Аудандық мешітке ат басын тіреген өңір басшысы жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ораза ұстаушыларға қабыл болсын айтты. Сонымен қатар осы жылдың сәуір айында аудандық мешітке бас имам болып тағайындалған Ерденбек Ихсановтың қызметіне жеміс тілеп, компьютер сыйға тартты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале