1.10.2015, 16:04
Оқылды: 26

Шыңғырлауда «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті

Shingirlau karttar kyni    Шыңғырлау ауданында 1 қазан -1қараша аралығында «Мейірбандылық» айлығының басталуына орай 1қазан күні «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті. Шара аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесінде өтіп, мекеме басшысы Хамит Әбдуғазиев қарияларды құттықтап, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев те өзінің игі тілегін жеткізді. Мерекелік басқосуға қатысқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айбек Сұлтанов осынау жарқын мекрекемен қарияларға өзінің тілегін арнай келе, бөлім атынан шағын сыйлықтарын үлестірді.

Қарияларға арнап аудандық мәденит бөлімінің өнерпаздары әннен шашу шашып, олардың көңілдерін көтерді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале