2.06.2016, 17:38
Оқылды: 27

Шыңғырлауда қоғамдық кеңес отырысы өтті

 Shingirlau kogamdik kenes    Шыңғырлау ауданында жер реформасына қатысты аудандық қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналып отырған жер мәселесі аудан басшылығының жіті назарында.


     Осы орайда арнайы құрылған қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов ауданымыздың шекара аумағында орналасуына байланысты жерді сату мәселесі заң аясында арнайы баптармен қарастырылатынын, яғни, заңда көрсетілген шекара аумағында 100 шақырымдық аймақ шекара аумағы болып есептелетіндіктен, аудандағы жерді сату мәселесінде алаңдаушылыққа негіз жоқ деп атап көрсетті. Бұл тақырыпта қоғамдық кеңес төрағасы Б. Сапаров, зейнеткерлер  А.Тасмағамбетов, Ж.Жұмалиев қариялар тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.  Отырыста жерді сату немесе жалға беру, берілген, сатылған жерлердің құнары мен күтімінің тиісті орындар тарапынан тексеріліп отырылу мәселелері туралы сөз қозғалды. Отырысқа аудандық мәслихат депутаты Б.Қазенов, аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері де қатысып отырды. Қоғамдық кеңес жұмысы қоғамдық қабылдаулармен ұштастырылып, апта сайын қорытындыланып отырылатын болады.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале