9.06.2016, 17:34
Оқылды: 32

Шыңғырлауда қоғамдық кеңес отырысы өтті

wingirlau kogamdik kenesБүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігінде қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімі Альберт Есалиев, аудандық мәслихат депутаттары, саяси партиялар жетекшілері, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы мен мамандары, агроқұрылым жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ауылшаруашылық саласының ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, кәсіпкерлер мен жастар ұйымдары және аудандық кәсіподақ ұйымдары қатысты.


Күн тәртібінде соңғы уақытта халық арасында наразылық тудырып жүрген Жер туралы Кодекстің кейбір нормалары туралы мәселе қойылып, қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Сапаров тақырыпқа сай баяндама оқылып, ұсыныстар тыңдалатынын жеткізді.  Аудан әкімі Альберт Есалиев қоғамда резонанс тудырған жер мәселесінің бүгінгі таңда назарда тұрғанын, бұл тұрғыда мемлекеттік тұрғыда комиссия құрылып, халық пікірін сарапқа салып отырғанын айтып, аудан көлеміндегі бұл мәселеге көзқарасты, ұсыныстарды білгісі келетінін жеткізді.

wingirlau kogamdik kenes (1)Бұдан соң  аудандағы жер көлемі, оның құрылымы, сатып алынған немесе жалда тұрған жер көлемі туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағын Қазиев Қазақстан Республикасында мемлекеттің қарауындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер телімдерін  жеке және  заңды  тұлғаларға  жеке меншік құқығына аукцион арқылы  сатылатынын, тек Қазақстан азаматтары ауционға қатыса алатынын, тек Қазақстан азаматтары ауылшаруашылық жер телімдеріне меншіктік  құқығын  иелене алатынын, сондай-ақ, жеңілдетілген шарттар бойынша жер учаскелерін сатып алудағы  нормалар, яғни, жер пайдаланушыларға сатып алу құқығын жеке меншікке бұрын пайдалануға берілген жер  учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін жеңілдетілген баға бойынша анықталатын 50%-дық мөлшерде, оның кадастрлық бағасымен бөліп-бөліп төлеу 10 жылға дейін созылатынын ескертіп өтті. Жалға алуда тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шектеулері алынып тасталатыны да айтылды. Пайдаға асырылмаған ауылшаруашылық жерлеріне төленетін салықты өсіру жөнінде де мәселе қозғалып, бұл бағыттағы салықты 10 есеге дейін өсіруге аудандық мәслихаттың шешімі шығарылып, облыстық әділет департаментінде тіркелгендігі хабарланды. Отырысқа қатынасушылар тарапынан мәселеге қатысты жердің жекеге сатылған жағдайда мемлекет бақылауында болуы, жерді шетелдіктерге тіпті жалға берудің өзіне де қарсылық, егіндік жерлерге көпжылдық мал азықтық шөптер егу, ауылдар, елді-мекендер маңында ауыл тұрғындарының сауын малы, уақ жандығына жайылымдық жер болуы, жерді сатып алудың қарапайым халыққа бағасына сәйкес қол жетімді емес екендігі, жер сапасыны тексеретін, оны тыңайтуға жұмыс жасайтын мекемелердің жоқтығы, бүгінгі күнге сатып алынған немесе жалға алынған жерлердің негізгі құрылтайшыларын түптеп тексеріс жүргізіп анықтау, олардың өзіміздің еліміздің азаматы екендігіне көз жеткізу қажеттігі, яғни, жер пайдаланудан түскен салықтың, өнім салығының өзіміздің елімізге түсуі қадағаланып, қаралуы, әзірге жерді тек жалға берумен шектелу керек деге ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі Жерді әрбір адам өзімдікі деп, меншіктік пейілде қамқорлық жасауы үшін жекеменшікке жердің сатылуы қажет екендігін тағы бір айтып өтіп, ұсыныстарын ірікпеген аудан азаматтарына разылық білдірді.

Бүгінгі таңда  аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері және әр сәрсенбі күндері ауылдық округтерде жер реформасына қатысты қабылдаулар ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда аудан бойынша 23 (жиырма үш) қабылдау өткізіліп, 7 (жеті) адам қабылдауда болды.

Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінде "Call - центр" телефоны жұмыс істейді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале