21.12.2015, 11:51
Оқылды: 33

Шыңғырлауда қыстақ ойдағыдай өтуде

 04_1  Биылғы басталған  қыс айы өзге жылдарға қарағанда өзгешелеу болғаны сондай - төрт түлік мал  басы әлі де қыр басында, дала төсінде жайылып, шаруа жандардың жаздай жиған мал азығы  біршама  үнемделуде. Десек те, тәжірибелі   шаруалар   «қамданған  - қапы қалмайды» қағидасын  әлі де  ұстануда. 


Қыстаққа жан-жақты әзірленіп, мал тұратын орындарын сайлап алған, жем-шөбін молынан жиған бірнеше шаруашылықты атап өтсек, Олар - Лубен селолық округінен «Өнім» (Ж.Байкатов), Ащысайдан «Бірлік» (А.Айсиева), «Ғайни» (Ж.Айсиев), Белогордан Агрофирма «Жарас» (Г.Талдыбаева), Шыңғырлаудан «Бекманов. Н.» (Н.Бекманов), Қарағаштан «Махметов Е.» (Е.Махметов) және «Әсет» (Т.Аманшиев) шаруа қожалықтары.  Сонымен қатар, Ақбұлақ селолық округінен «Нұрсұлтан» (С.Кабаков) шаруа қожалығы мен  Алмаздан «Жомарт» ЖШС (Ж.Ульяров).

Аталмыш шаруашылық субъектілері  мал шаруашылығымен нақты айналысып, мал басын көбейту, асылдандыру жұмысын   тымтәуір қолға алған. Үкіметтің қаржылай  қолдауын  көріп, алған субсидиялары да шаруашылықтарын дамытуға  пайдаланылуда. Енді, бұйырса, қыстақты ойдағыдай өткізіп, мал  төлдету қамына кіріспекпіз дейді шаруа жандар.

 www.zhaikpress.kz

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале