22.09.2015, 9:01
Оқылды: 24

Шыңғырлауда өрт қауіпсіздігі айлығы жүргізілуде

Shingirlau ort kauipsizdigi ailigi   БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығымен облысымызда Жылытатын кезеңде, 2015 жылдың 15-қыркүйек айынан 15-қазан айы   аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында тұрғын үй секторында  өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды.

Ауданымызда үстіміздегі  жылдың 8 ай ішінде 10-өрт оқиғасы тіркеліп, осы өрт оқиғасы салдарынан 1-адам (мектеп жасындағы) жарақат алып, күйікке шалдықты, материалдық шығын көлемі 920 мың  теңге құрады.

Ауданымыздың тұрғын үйлерін өрт қауіпсіздігі айлығы бойынша аралау кезінде негізінен тұрғындардың  ақаулы электр бұйымдарын, жарамсыз пештерді пайдалану фактілері тіркелді. Үйдегі электр жүйелерінің ақауларының кемшіліктері де бар.

Тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

М. Назаров

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале